Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесері болды. Футбол саласындағы мамандар мен БАҚ өкілдеріне Лиганың жаңа атауы – QFL (Qazaqstan Football League), жаңартылған логотип және «Футболмен бірге» (футболмен бірге) ұраны таныстырылды, деп хабарлады QFL сайты.
Осы рәсімде биылғы маусымнан бастап елімізде Лига кубогы мен Әйелдер лигасы деген жаңа турнирлердің болатыны хабарланды.
Лига кубогына 16 клуб қатысады. Олар кубок үшін ғана емес, сонымен қатар отандық футбол тарихындағы ең ірі жүлде қорын да сарапқа салады. Жүлде қоры 1 млн АҚШ доллары болады. Әйелдер лигасына еліміздің бес өңірінен 6 клубтың қатысатыны анықталды.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.
Ол Қазақстан футбол федерациясы Кәсіпқой футбол лигасымен елімізде спорттың осы түрін дамыту үшін демеушілер мен инвесторларды тартып, бизнес индустрияны құрып жатқанын, алдағы кезде миллиондаған халықтың сүйікті ойына дамыса, мемлекет үшін ол халықаралық аренада мақтанатын спорт түрі болатынын атап өтті.
Футбол маусымының ашылу салтанатында Кәсіпқой футбол лигасының жаңа бренді мен логотипі, елімізде футболды дамытуға бағытталған бірқатар жобалар ұсынылды. Жобалар небәрі 9 айда әзірленді. Олардың кейбіреуі елімізде бұрын-соңды болмаған. Мысалы, Лига кубогы мен Әйелдер лигасы елімізде бұрын болмаған турнирлер. Бұл туралы Qazaqstan Football League президенті Рафаэль Гарибян айтты.
Футболмен бірге — бұл біздің ұранымыз. Өйткені, лига футболды дамытуға бағытталған барлық міндеттерді іске асыруда мемлекетпен, демеушілермен және жанкүйерлермен тығыз байланысы қажет. Мен Қазақстанда туып-өстім. Қазақстан — менің Отаным. Мен үшін біздің ұжымға клубтардың және лиганы дамыту жөніндегі маңызды миссияны сеніп тапсырғаны үлкен құрмет. Біз үшін отандық футбол, бір жағынан, заманауи, серпінді дамып, ең үздік еуропалық лигалардың футбол индустриясында ойлап тапқан барлық жақсы дүниелерді алып, өзіндік бірегейлігін сақтап қалуы өте маңызды. Үш жылда біз бірқатар жобаларды іске асырып, лигамызды халықаралық деңгейге өсіруіміз қажет, — деді ол.
Сонымен қатар, тұсаукесерде QFL сайты мен Кәсіпқой футбол лигасының әлеуметтік желідегі жаңартылған парақшалары ұсынылды. Іс-шарада жаңа маусымнан бастап, ойындардың эфирлік сапасы айтарлықтай жақсаратыны туралы айтылды. Тікелей эфирді көбейту үшін кәсіби бейнекамераның көбейіп, арнайы медиа платформаның әзірленіп жатқаны белгілі болды.
Жақын арада жаңа Q-Football телеарнасы ашылады. Сондай-ақ, маусымның тұсаукесер рәсімінде Wildberries компаниясымен бірлесіп әзірленген QFL ресми добы көрсетілді. Бұл компания Кәсіпқой футбол лигасының жаңа демеушісі.
Сонымен бірге тұсаукесер қонақтары жаңа QFL сайтының іске қосылуы мен әлеуметтік желідегі лиганың жаңартылған беттеріне куә болды. Іс-шарада жаңа маусымнан бастап, ойындардың эфирлік сапасы айтарлықтай жақсаратыны мәлімделді. Тікелей эфирлерді өндіру үшін кәсіби бейнекамералар саны ұлғайтылды, жаңа графикалық пакет енгізілді, арнайы медиа платформа әзірленуде және жақын арада жаңа Q-Football телеарнасы қосылады. Сондай-ақ, кеш соңында барлық қатысушыларға жаңа демеуші Wildberries компаниясымен бірлесіп әзірленген QFL ресми добы көрсетілді.
Еске сала кетсек, 1 наурыздан бастап, Qazaqstan Football League брендімен Премьер-лиганың жаңа маусымы басталады.
View this post on Instagram