• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Саил Сабиров

    Стенд атудан Әлішер Айсалбаев пен Мария Дмитренко Азия чемпионы атанды

    Стенд атудан Кувейттің астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының трап бағдарламасында Қазақстан құрамасы екі алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Жұптық сында Әлішер Айсалбаев пен Мария Дмитренко 140 ұпай жинап, ел әнұранын шырқатты. Күміс медаль Иран мергені Мохаммад Бейранванд пен Марзиех Парварештің (137 ұпай) еншісінде. Үздік үштікті қытайлық спортшылар Юхао Гуо мен Сяоцзин Ван (136 ұпай) түйіндеді.

    Қазақстан-2 құрамасында өнер көрсеткен Айжан Досмағамбетова мен Максим Бедарев жалпы есепте 129 ұпай алып, 12-сатыдан көрінді.

    Париж Олимпиадасында трап бағдарламасындағы аралас жұптық сында (микст) жүлде сарапқа салынбайды. Оның орнын алдыңғы ойындардан сырт қалған скиттегі микст басады. Сол себепті осы жарыста ешқандай лицензия таратылған жоқ.

    Стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін созылады. Биыл 35 елден жиналған 350-ден астам мерген сынға түсіп жатыр. Кувейтте Париж Олимпиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады.

    Бұдан бұрын хабарланғандай, ұлттық құрама трап бағдарламасында 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды.

    Трап бағдарламасының финалында Мария Дмитриенко 30 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді. Мұнда Париж Олимпиадасының қос жолдамасы жеңімпаз атанған Ван Ю Лю (Тайбэй) мен күміс жүлдегер Чжан Синьцюге (Қытай) бұйырды. Мария сәл ертеректе іріктеуде 117 нысананы дәл көздеп, бірінші орынмен финалға жолдама алған болатын.

    Ал командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина мен Мария Дмитриенко үштігі Қытай мен Үндістан мергендеріне есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.

    Жастар арасында Қазақстан ерлер құрамасы ешкімге дес бермей, алтын медальді жеңіп алды. Ел намысын Никита Моисеев, Богдан Конченко мен Никита Чикулаев қорғады.

    Скит жəне трап бағдарламасына елімізден 18 спортшы қатысып жатыр.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *