Иранның Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.
Бүгін ұлттық құрама қоржыны тағы үш медаль түсті. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрге секіріп, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы жарыста бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета Матвеева екінші орыннан көрінген еді.
Биылғы Азия чемпионатында 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге екінші болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен сарықұрлық чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған болатын.
Сондай-ақ үш рет қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.
Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда аяқталды.