• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиялық комитет

    Әділбек Мусин жүзуден Азия чемпионы атанды

    Әділбек Мусин суға жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.74 нәтижесімен мәреге жетіп,  алтын медальді жеңіп алды. Финалда тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.

    Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші орын алса, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.

    Жарыста Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Софья Сподаренко мен София Әбубәкірова 4х100 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.

    Олар 3:35.36 нәтижесімен мәре сызығын кесіп, Қазақстан рекордын жаңартты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *