• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram / Ұлықбек Шәріпов, видеодан скриншот

    Кәсіпкер «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлады (ВИДЕО)

    Кәсіпкер, Shoqansuits компаниясының директоры Ұлықбек Шәріпов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға автокөлік сыйлады.

    Қақпашы сыйлықты көрген кезде сенерін білмей, аузына «қойыңызшы» дегеннен басқа сөз түспеді.

    -Бұл сенің көлігің. Рас айтып тұрмын. Компаниямыздың кішігірім сыйлығы. Бізге тамаша эмоция сыйладың. Енді ең бастысы тоқтама. Ел сенімен бірге, – деді Шәріпов. 

    Содан кейін кәсіпкер 18 жастағы Шерхан Қалмырзаға Exeed көлігінің кілтін табыс етті.

    Шерхан Қалмырза кешегі «Реал Мадрид» клубымен ойында жеті рет сейв жасап, қақпаны біраз голдан құтқарып қалды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА 

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от ШАРИПОВ УЛУГБЕК (@sharipov_ulugbek)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *