Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто 9:10.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джепкемей (9:12.46) қола жүлдені иеленді. Ол бұған дейін Азия чемпионы атанған еді.
Күміс медаль Үндістан өкілі Парул Чаудхариға (9:12.46) бұйырды.
Сары құрлық бәсекесіне 39 елден 567 атлет бақ сынап жатыр.