• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Нора Джеруто

    Жеңіл атлетика федерациясы допинг дауына қатысты жауап берді

    Жеңіл атлетика федерациясы жеңілатлет, әлем чемпионы Нора Джерутоны допингке қарсы ережені бұзды деген айыпқа қатысты түсінік берді. Athletics Integrity Unit (AIU), World Athletics еншілес ұйымы, спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады. Допинг сынамасын зерттеу кезінде спортшының ағзасында тыйым салынған заттар табылмады, алайда гематологиялық профилінде өзгеріс тіркелді. AIU сарапшыларының пікірі бойынша, бұл өзгерістер тыйым салынған ...

    Read More »

    Жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті

    Қазақстан азаматтығын алған жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті. Mozzartsport порталының хабарлауынша, жеңілатлет допинг қолданды деп айыпталып, жарыстарға қатысудан уақытша шеттетілді. Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетіледі. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып береді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионы атанған Нора Джеруто қазақша мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

    Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Нора Джеруто барша қазақстандық жанкүйерлерге қазақша сәлем жолдап, көпшілікті Астанадағы Азия чемпионатына шақырды.  Әлем чемпионы атанған соң, Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыспаған Нора Астанада бақ сынайды. Осыған орай, ол жанкүйерлерге қазақша сөйледі. Аталған видео Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми парақшасында жарияланды. Сәлем! Мен — Нора. Қазақтың қара қызы. Кел, халқым, қолда, — деді еліміздің көк туын ...

    Read More »