Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
5 000 метр қашықтыққа жүгіруде Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто қарсыластарынан қара үзіп, топ жарды. Ол осымен биылғы додада екінші рет алтын жүлдені жеңіп алды.
Нора Джеруто кеше де 3 000 метрге жүгіруде чемпион атанған болатын.
Бұған дейін 5 000 метр қашықтықтықта елімізден ешкім Азия чемпионатынан орын алып көрмеген еді.
1.Нора Джеруто — 14:58.71
2.Парул Чаудхари — 15:15.33
3.Юма Ямамото — 15:16.86