Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында Елизавета Матвеева биіктікке секіруде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Надежда Дубовицкая қосымша көрсеткіштер бойынша жүлдеден тыс қалды.
- Пужа Пужа — 1.89 метр
- Елизавета Матвеева — 1.86 метр
- Сафина Садуллаева — 1.86 метр.
- Надежда Дубовицкая — 1.86
Елизавета Матвеева 2023 жылғы Азия чемпионатында да 1.86 метр биіктікке секіріп, күміс жүлдеге ие болған еді.
Отандастарымыз 2019 жылдан бері дәл осы сайыс түрінде жүлде алып келеді.