• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: алтын жүлде

    Конькимен жүгіру: Қазақстан қоржыны 6 алтын, 1 күміс жүлдемен толықты

    Германияның Инцелль қаласында  конькимен жүгіруден өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс медаль жеңіп алып, жалпы жеті жүлдемен жарысты қорытындылады, деп хабарлады  Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде алтыншы алтын медальді қоржынға Вадим Чебардаков салды. Ол масс-старт бәсекесінде қарсыластарына дес бермей, 5:29.87 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыз жарыста 34 ...

    Read More »

    Елизавета Безрукова тағы да Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда ұлттық құрама команданың спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты. Отандасымыз жарыста 623.4 ұпай жинады. 50 м, жатып нысана көздеуден жүлдегерлер: Елизавета ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Мәреде – Мағжан!

    Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі мақаланың кейіпкері халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен  ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы -Мағжан Аманкелдіұлы. Мағжан жас болса да бас бола білетінін көптеген жарыстарда көрсетіп, дәлелдеп келеді. Ол биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Спортшы қалалық кубок үшін жарыстан ...

    Read More »

    Жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте Қазақстан командасы 45 мемлекеттің ішінде бесінші орынға ие болды. Жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт ...

    Read More »

    Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан 56 медаль алды

    Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Жалпы есепте отандастарымыз 56 медаль алды. Оның ішінде 15 — алтын, 20 – күміс және 21 — қола медаль бар. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте жетінші орынға орналасты. Қазақстанның жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу құрамалары ел қоржынына үш медальдан салды. Үстел теннисшілері екі алтын медаль жеңіп алды. Дзюдоистер, муай-тайшылар, ...

    Read More »

    Қазақ күресінен АЧ: алғашқы күні-ақ алты алтын, қос күміс жүлде алдық (ФОТО, ВИДЕО)

    Бүгін Түркістан қаласында Qazaq Kuresi ассоциациясы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен төл күресімізден Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Әуелі сарықұрлық додасы басталмас бұрын қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Осы алқалы жиында Азиялық Qazaq Kuresi ассоциациясын құрылғаны туралы хабар жарияланып, оның президенті сайланғаннан кейін ...

    Read More »

    III ТМД елдері ойындары: каратэден Қазақстан құрамасы қоржынға 3 алтын медаль салды

    Әзербайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары тағы 8 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін Мингячевир қаласында каратэшілер 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдемен жарысты аяқтады. Дархан Теміралиев (-60 кг), Айжан Бәкірова (-61 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) алтын жүлде алса, күміс медальді Асылай Савидова ...

    Read More »

    III ТМД елдері ойындары: Қазақстан жүзуден 19 жүлде алды

    Бүгін Әзербайжанның Гянджа қаласында жүзуден III ТМД елдері ойындарының соңғы жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан спортшылары 4 дисциплинада сынға түсіп, соның ішінде 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Жүлдегерлер: Тайисия Короткова (кешенді жүзу, 400 м) – күміс медаль Қазақстан ұлдар құрамасы (кешенді жүзу, 4х100 м) – күміс жүлде Қазақстан құрамасы, ...

    Read More »

    Семсерлесуден Азия кубогы: Қазақстан екі алтын медаль жеңіп алды

    Семсерлесуден Үндістанда кадеттер арасында өткен Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді. Сонымен бірге Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті

    Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Отандастарымыз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға ...

    Read More »