• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстандық гимнаст Универсиадада алтын жүлде жеңіп алды

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы Универсиадада гимнастшы Милад Карими алтын медаль жеңіп алды. Осының алдында ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола жүлде иеленген еді.

    Милад Карими кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды. Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары орналасты.

    Бұған дейін спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов гимнастикалық ат үстіндегі жаттығуда 15.266 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанса, еркін жаттығуға қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Патанин 13.566 ұпай жинап, бесінші орынға ие болған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *