• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Гимнастика

    Елжаңа Таниева Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

    Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Елжаңа Таниева Италияның Милан қаласында өтетін Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.  Бұл жарыс 21-23 маусым аралығында болады. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды. Елжаңа Таниева биылғы Олимпиадада өнер көрсетеді. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын. Таниева ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.  

    Read More »

    Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды

    Қазақстан Көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп хабарлады olympic.kz. 30-31 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті жаттықтырушы» атағы берілді. Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді. Париж Олимпиадасында ...

    Read More »

    Гимнасшы Дияс Тойшыбек Әлем кубогында алғаш рет жүлде алды

    Ұлттық құраманың спортшысы Дияс Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан украиналық  Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола жүлде хорват гимнасы Матео Жугецке бұйырды.

    Read More »

    Спорттық гимнастикадан АЧ: Аида Бауыржанова алғашқы жүлдесін алды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлады olympic.kz. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.    

    Read More »

    Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты

    Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып,  іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді. Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты. Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші ...

    Read More »

    Гимнасшылар Олимпиданың жалғыз жолдамасына таласады

    24-26 мамыр күндері  спорттық гимнастикадан әйелдер арамында лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста Қазақстан атынан Аида Бауыржанова, Дарья Ясинская, Арина Лебедева, Анфиса Иванова мен Көркем Ербосынқызы бақ сынайды. Сары құрлықтың додасында көпсайыс бойынша Олимпиаданың жалғыз лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама үшін 7-8 мемлекеттің гимнасшылары өнер көрсетеді. Олардың арасында біз де бармыз,- деді ...

    Read More »

    Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды

    Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медальді жеңіп алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Күміс жүлдені Милана Парфилова, қола медальді Айбота Ертайқызы иеленді. Елжаңа Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатында таспамен жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды

    Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Милад Карими кермедегі жаттығуда ең көп ұпай жинап (15.033 балл), биылғы сары құрлық чемпионатындағы үшінші медалін иеленді. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлде алған. Бұл — 24 ...

    Read More »

    Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финал аяқталды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда  15.600 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмаған. Одан басқа, спортшы Дохада 2022 жылы күміс, 2023 жылы ...

    Read More »

    Гимнасшы Милад Карими — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға шықты. Алтын жүлдеге әлем чемпионатының бірнеше дүркін медалисі, филиппиндік Карлос Юло ие болды. Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына да жолдама алды. Карими де, ...

    Read More »