Үндістаннның Ахмедабадад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында аруларымыз еркін жаттығуда өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер:
1-орын. Қазақстан – 267.0639 ұпай
2-орын. Өзбекстан – 187.3013
3-орын. Таиланд – 180.9401
Жарысқа Қазақстан құрамасынан Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова мен Жаклин Якимова қатысты.
Санаулы сәт бұрын Карина Магрупова мен Виктор Друзин де Азия чемпионы атанды. Олар техникалық бағдарламада сынға түсіп, өз сайыстарында топ жарды.
Әйелдер:
Карина Магрупова – 240.1600 ұпай
Сабина Махмудова – 222.1600
Рачел Рае Зе Зин – 197.8167
Ерлер:
Виктор Друзин – 228.1708 ұпай
Ремма Фуручи – 206.8675
Кантинан Адисайсирибутр – 199.8666
Азия чемпионаты 10 қазанда мәресіне жетеді.