Астанаға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бас директоры Оливер Неггли келді, деп хабарлады SportPress.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, 22–27 қараша аралығында елордада агенттіктің басқарушы органдары — Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің кездесулері мен отырыстары өтеді.
Онда Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқыланады.
Құрылтайшылар кеңесі — WADA-ның жоғары басқарушы органы. Оның құрамына спорт қозғалысы мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет WADA-ның осындай деңгейдегі іс-шараларын қабылдап отыр. Оливер Неггли агенттікті 2016 жылдан бері басқарады.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары