• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ақорда

    Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тапсырылды

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетикадан биылғы жазғы Азия ойындарына қатысқан Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты жағдайға пікір білдіріп, спортшыға көрсетілген қолдау туралы айтты.

    «Ясмина Тоқсанбаеваның мәселесі бойынша жеңіл атлетика федерациясы Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) өтініш жолдағаны рас. Дегенмен бұл жерде ең бастысы – алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу. Бұл мәселеде бір адамды кінәлау қиын, сондықтан бәрінің де кінәсі бар. Бірақ ең бастысы – спортшыларды қолдау қажет. Алдымызда Олимпия ойындары келе жатыр. Ясминаның Азия ойындарындағы нәтижесі Олимпиадада жүлде алуға мүмкіндік беретін көрсеткіш. Сондықтан федерация тарапынан бюджеттен тыс қаражат есебінен оған пәтер кілті табыс етілді. Сондай-ақ оның бұған дейін көрсеткен жақсы нәтижелері ескеріліп, мемлекеттік наградаға ұсынылды. Біздің басты мақсатымыз – спортшыларды жан-жақты қолдау»,  деді министр.

    Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені әкеліп, қола медальді жеңіп алған болатын. Ал жақында Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында жалауы желбіреген жазғы Азия ойындарында ол мәреге бірінші келіп, чемпион атанғанымен, оның нәтижесі қарсыластарының наразылығынан кейін есепке алынбады. Ясмина Тоқсанбаеваның қарсыластары оның аяқ киіміне шүйлігіп, протест жазған болатын. Ал жарысты ұйымдастырушылар спортшының кроссовкиіне рұқсат берсе де протест берген елдердің жағына шығып, Қазақстан спортшысын жүлдеден айырып тастады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *