Биыл Қазақстан спортшылары қатысқан дүрмекті доданың бірі Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындары мен Пара Азия ойындары болды. Күншығыс елінде жалауы желбіреген Азиаданы белгілі фототілші Нұрғали Жұмағазы таспаға түсірген еді. Ол жарыс бойы тамаша дүние шығарды. Енді оқырманның патша көңіліне кәсіпқой маманның Азиада кезінде тарихтың таспасына түсіріп, қойнауына жіберген қайталанбас сәттерді ұсынуды жөн көріп отырмыз.
ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 12 алтын, 24 күміс, 48 қола, жалпы барлығы 84 медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы Азиадада жалпыкомандалық есепте сегізінші орыннан көрінді. Ал Пара Азия ойындарында отандастарымыз 12 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде алып, барлығы 50 медальді иеленді. Бұл сында спортшыларымыз жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орыннан төбе көрсетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА



















SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары