Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні!
Тірі болғанда батыр ұл 72 жасқа толар еді… Ол ұмытылған жоқ. Бүгінде Мұстафа Өзтүрік десе бар қазақ дүр ете түседі. Қазақстанда болған алты жылға таяу уақыт құшағымда жүрген ұл жайлы сонау 1992 жылы «Мұстафа Өзтүрік» деген кітап жазғанмын.
Таяуда ол кітапты толықтырып, оның ғұмырының соңғы төрт жылын қосып, жаңа кітап жаздым. Ол кітабым «Фолиант» баспасынан жарық көрді.
Алла амандығын берсе, 9-11 желтоқсан күні Түркістан қаласында болатын кітап жәрмеңкесінде жаңа кітаптың тұсауы кесіледі.
Туған күніңмен, Мұстафа айналайын! Сендей батыр ұлдар өлмейді! Сенің туған күніңді қазақ халқы жыл сайын атап өтіп отырады. Сен мәңгіліксің, мәңгі тірісің, Мұстафа айналайын!
Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
спорт журналисі, жазушы, спорт қайраткері
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары