Туризм және спорт министрлігі биылғы жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлады аталған ведомство. Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
Read More »Құрмет
Биыл еліміз жаңа спорт түрлерінен жүлде алды
Биыл ел спорты үшін шын мәнінде тарихи жыл болды. Отандық спортшылар халықаралық аренада ондаған маңызды жетістікке қол жеткізіп, жарқын жеңістерімен, рекордтарымен жанкүйерлерді қуантты. Сонымен қатар ұлттық құрамада жаңа көшбасшылар пайда болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақ спортының тарихына енгендер: * Әбиба Әбужақынова (дзюдо), * Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Айбек Оралбай (бокс), * Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау), ...
Read More »Білімді мыңды жығады
Жуырда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентінде орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында тартымды, тағылымы зор кездесу болды. Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы, Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhарманы Ақын Ордабайұлы еді. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған айтулы мектептің директоры Аяулым Жақашбайқызы Керімқұлова кездесу кешінің жақсы өтуіне бар жағдайды туғызыпты. Мектептің ішіндегі акт ...
Read More »Дастан Сәтпаев әлемдік ТОП-5 тізіміне қосылды
Score 90 футболшы Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты. Әуелі Score 90 деген не екенін айта кетсек. Ол футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі. Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары туған үздік футболшылар кірді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі: Леннарт Карль (Германия, «Бавария»); Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»); Нгумоа Рио ...
Read More »Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...
Read More »Жыл үздігіне үміткерлер тізімі жарияланды
28 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) Globe Soccer Awards беделді сыйлығы 2025 жылдың үздік ойыншысын анықтайды. Бұл жүлдені тапсырмастан 40 күн бұрын оған лайықты адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Zakon.kz. Жыл сайын табыс етілетін сыйлықты ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, биылғы жылы марапатқа 25 адам үміткер және олардың барлығы әлемдік футболда өз орны бар адамдар: Усман Дембеле, Дезире Дуэ, Ашраф Хакими, Хвича Кварацхелия, Нуну Мендеш, Фабиан ...
Read More »Ел сыйлайтын Елсияр аға
Жақында елімізге белгілі спорт жанашыры, ұзақ уақыт қазақ спортының басында болып, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатовты туған күнімен құттықтап шықтым. Елекеңмен 2000-жылдардың басынан таныспын. Астанаға алғаш рет келгенде ол кісі туризм және спорт агенттігі төрағасының орынбасары болып істеген еді. Міне, содан бері Елсияр аға екеуміз ағалы-інілі болып араласып келеміз. Осы уақытта оның адам баласын алалағанын ...
Read More »IV Кенжалин оқулары: жаһандық коммуникация және жасанды интеллект
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Бейбітшілік пен даму жолындағы дүниежүзілік ғылым күніне арналған «Жаһандық коммуникация: өркениеттік дамудың ұлттық ақпараттық моделі және жасанды интеллект» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және IV дәстүрлі Кенжалин оқулары өтті, деп хабарлады ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы. ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты — жаһандану дәуіріндегі ақпараттық медиа саясаттағы ұлт бірегейлігі мәселелері, жасанды интеллектінің ...
Read More »Тектіден текті туады
«Тектіден текті туады», деген тәлсім мән-мағынасын жоғалтқан емес. Расыменде түбінде әйтеуір ұрпағының бірінде ата-баба жолын қайталайтын біреу дүниеге келері анық. Мұны тіпті ғалымдар да дәлелдейді. Ал айтпағымыз қазақта дәл осындай ұрпақ қуалап келетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, Алматы облысы Нарынқол ауданында марқұм Ноғай Мүсірбекті білмейтін жан жоқ. Елдегі ескі көздермен кездесіп, Ноғай туралы сұрай қалсаң, ол кісінің қандай ел деп ...
Read More »Адал еңбектің абыройы асқақ
Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қаламайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі, бірегейі марқұм Амангелді Смағұлұлы еді. Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Сұлукөл ауылында ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары