Ташкент төріндегі әлемдік чемпионат қазақ жұртшылығын дүр сілкінтіп өтті. Естеріңізде болса, осыдан тура 39 жыл бұрын да Ташкенттен қанжығамыз майланып, арқа-жарқа боп оралғанбыз. Тарихта тұңғыш рет Советтер одағының чемпиондық атағын 4 қазақ боксшысы жеңіп алған еді. 1984 жылғы ССРО чемпиондары: Кәрімжан Әбдірахманов, Серік Нұрқазов, Серік Қонақбаев, Асылбек Қилымов! Енді, міне, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай дүниежүзілік чемпионаттың ...
Read More »Құрмет
Сегіз қырлы, бір сырлы жан
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деген екен хакім Абай. Қай бір саланы алып қарасақ та ұстаздың орны ерек. Ұстазсыз биік бір мақсатқа жету мүмкін емес. Ұстаз шәкіртінің арманына арман, қиялына қанат бітіріп мақсатына жету жолында жанын аямайтын аяулы жан. Ұстаздық мінез — құлық нормасы мынадай болуға тиіс ол тым қатал да болмауға тиіс,тым ырыққа да жығыла бермеу керекү Өйткені, ...
Read More »Біз көрген Бердіқұлов (Эссе)
Бiз деп отырғанымыз — қазақ баспасөзiнiң ұстаханасы (Ж.Бейсенбайұлы) «Жас алашқа» сексенiншi жылдардың орта тұсында келiп, аты аңызға айналған бас редактордың тәрбиесiн аз ғана уақыт көрген, сол себептi «Әттең, Сейдахмет ағаның басқару мектебiнде тағы бiрер жыл болғанымызда ғой…» деп өкiнген, бүгiнде алпыстың қақпасын еркін ашқан орта буын. Бұл буын сәл кеш туғаны себептi «Шерханның шекпенiнен шықтық» деп мақтана алмайды. Бiз журналистикаға ...
Read More »Мағжанның аттасы, Сәкеннің сарқыты
1953 жылдың мамыр айының басы. Жазиралы Жаңаарқа жерінде Жеңіс мерекесі атап өтілген күннің ертеңінде партия қызметкері Садыханның шаңырағында шекесі торсықтай ұл дүниеге келді. Сол жылы Алаштың айбоз ақыны Мағжан Жұмабайұлының туғанына 60 жыл толды. «Халық жауы» атанып, қанды 1938 жылы атылған, ардақты есімі айтылмай, мұрасы жабулы қазан жабулы күйінде жатқан Мағжанның мерейтойы аталмады. Алайда ақынның шығармашылығынан хабардар әке ұлына Мағжан ...
Read More »Астанада Халық батырына арналған конференция өтеді
Астанада 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ұйымдастыруымен Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іч-с-шаралардың негізгі мақсаты: Жалпыұлттық тарихи сананы ...
Read More »Астанада Халық батырына құрмет көрсетіледі
Биыл Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 3 сәуірде сағат 18.00-де «ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ» атты академиялық концерт ұсынады. Концертте симфониялық оркестр мен этно-фольклорлық ансамбль бірлесіп, алғаш рет синтезделген формада өнер көрсетеді. Бұл — Қазақстанда алғаш рет жасалып отырған экспериментті концерт. Халық батыры Амангелді Имановқа танымал композиторлар ...
Read More »Өмірі өнегелі жан
Ауыр атлетикадан қазақ жастары арасынан тұңғыш рет КСРО спорт шебері, Орта Азияның және Қазақстанның темір-жолшылар арасында КСРО чемпионы атанған арысымыз, ардагер спортшы, еліміздегі ауыр атлетика спортының кіндік атасы, батагөй ақсақалы Ізбасар Оразбақтың салауатты өмір салты туралы бір үзік сыр. Ауыр атлетиканың елдегі тарихы туралы сөз еткенде міндетті түрде Ізбасар Оразбақұлы ағамызды еске аларымыз анық. Ол 1941жылы 1 мамырда Алматы облысы, ...
Read More »Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі
Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің балалық шағу туралы мультхикая түсіріледі. Оны америкалық компаниялардың бірі түсіреді. Режиссерлардың айтуынша, мультхикаяда футболшының балалық шағы көрсетіледі. Онда бала Лео бейнеойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерден өтеді. Фильмде америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады. Мультхикаяны түсіру жұмыстарына Мессидің өзі де қатысады. Фильм әлемнің көптеген тіліне аударылады. Сериалдың қашан ...
Read More »Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді
Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді. Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған. Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы ...
Read More »Кеңес Рақышев жас боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті. Ол былтыр Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған боксшылар мен жүлдегерлерге қошемет көрсетті. Кездесуде жүлдегерлердің жеке жаттыұ тырушылары да назардан тыс қалмады. Боксшылар имен олардың жаттықтырушылары 20 миллион теңге алды. Біздің жастар құрамасы Испанияда жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны бойынша үшінші орын ...
Read More »