Әрбір аянбай еткен еңбектің бір қайтарымы болады. Әсіресе, ел үшін туған жер үшін жасаған еңбек ешқашан елеусіз қалмайтыны белгілі. Ол қай салада болса да ескіріледі. Сондай-ақ, төккен тер, табанды еңбек спорт саласында да жемісін беретіні хақ.
Іле ауданы қарасты Өтеген кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы жыл қортындысын жасау іс-шарасын ұйымдастырды. Мерекелік күйде өткен бұл іс-шара аудандығы ұлтжанды қазақтың болашақ жастарын тәрбиелеп жатқан М. Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында болып өтті. Жиында БЖСМ ұжымы жылдық қортынды есеп беру жиналысын өткізіп, спорттың әр түрінен жыл үздіктері құрметпен марапатталды.
Салтанатты іс-шараның ашылуында айтулы БЖСМ директоры, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Қапар Рауанов жиылған көпшілікке мектептің облыс спорт мектептері арасында үстіміздегі жылы жыл қортындысымен командалық екінші орынды иеленгіндігін қуанышпен жария етіп, бапкерлердің еңбегіне табыс тіледі. Сосын спорт мектебінің әдіскерлері Сергей Николаевич Тарасов, Әсет Айтқали Құдайбергенұлы, Торғын Нұрғабылқызы өздерінің жыл бойы жасалған жұмыстарының қортындысын айтып берді. Ал, жалпы спорт мектебінің қарымды табысы туралы Әлім Ысқақов түгелдей бүге- шігесіне дейін жіліктеп айтты.
Спорт мектебінің тағы бір табысты жаңалығы ол мектептің меншікті логотибін жасап шығару болыпты. Енді жасөрендер спорт киімдері болсын, хат-қағаз, анықтамалар болсын мектептің бет пердесі яғни логотиптін жапсырып, жазып алып өнер көрсететен болады. Бұл сәтті БЖСМ директорының орынбасары, өз саласының білікті маманы Әлім Ысқақов тартымды да терең түсіндіріп тұсаукесірін лед экранда көсіле көрсетті.
Жылдың үздіктерін марапаттау іс-шарасында бағалы сыйлықтар тек қана жылдың үздік спортшылары ғана емес олардың ата-аналарына да табыс етілді. Бұл да бір көңілге қонатын марапат деп ұқтық. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», деген халықпыз ғой. Баланың жанұясында ата-анасынан алған тәрбие өміріне үлкен шамшырақ болары белгілі. Ата-ананың баланың үлкен азамат болып қалыптасыуына үйдегі беретін тәрбиесінің маңызы зор деп білген жөн. «Алып анадан туады», демекші, ата-анаға құрмет осындай қоғамдық орындарда бағасын алып құрметке лайықты болып жатса бала үшін үлкен қуаныш емес пе.
Алла нәсіп етіп маған да Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқарамасының Алғыс хаты құрметпен қолыма тиген екен. Менің спорт тақырыбында жазып жүрген тамшыдай болса да жазбаларым осындай марапатқа лайық деп ұсыныс білдірген Қапар Рауанов пен Әлім Ысқақовтарға зор алғысымды айтып жеткіздім. Жоғары көңіл күйде өткен бұл шара оқушылардың әзірлген концерттік бағдарламаларымен жалғасты. Мерекелік шараға қатысқан көпшілік үлкен әсермен тарқасты.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
Алматы облысы
ФОТО: Торғын НҰРҒАБЫЛҚЫЗЫ