Қазақстан құрамасы Қатардың Доха қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды.
Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
Ол қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні көтерді.
Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келіні басынан асырса, үшінші орынды тағы бір Иран елінің атлеті Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келіні көтеріп, иеленді.
Бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА