Ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіп алды. Ол жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келіні көтерді. Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі. Атлет 356 (161+195) келіні көтерсе, қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды. Ол 355 (159+196) келіні басынан асырды. Жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем ...
Read More »Tag Archives: ауыр атлетика
Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды
Қазақстан құрамасы Қатардың Доха қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Ол қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні көтерді. Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келіні басынан асырса, үшінші орынды тағы бір Иран елінің атлеті Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келіні ...
Read More »Азия чемпионы Ақжол Құрманбек әлем рекордын жаңартты
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмады. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты, — делінген хабарламада. ...
Read More »Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан Қазақстан қүрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Olympic.kz. Ол 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса Әділетұлы 388 (174+214) келі көтерді. Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен жеңіп алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп, үздік үштіктен көрінді. Бұған дейін ...
Read More »Анна Нұрмұхамбетова елге Олимпиаданың күміс жүлдесімен оралды
Бүгін Астанаға Перудің Лима қаласынан Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Анна Нурмухамбетова мен Словенияның астанасы — Люблянада брейкингтен өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанған Әмір Қылышбаев (алтын) пен Әмір Амангелді (қола) келді. Анна Нұрмұхамбетоваға күміс медальді жасөспірімдер арасында Перудің астанасы – Лима қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында табыс етілді. Ал Әмір Қылышбаев пен Әмір Амангелді Словенияда аяқталған әлем чемпионатында жүлдеге ие ...
Read More »Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан тағы алтын медаль алды
Ауыр атлетикадан Перудің астанасы — Лимада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты. Қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы атанды. Ол серпе және жұлқа көтеруде 222 келіні басына көтеріп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 кг), қола жүлдені үндістандық Санжана (210 келі) иеленді. Сондай-ақ, ...
Read More »Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Осы күндері ауыр атлетикадан Перудың астанасы Лима қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр бірінші орынды жеңіп алды. Ол , 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні басынан асырып, үздік атанды. Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қола жүлдені Бекзод Гофиржанов иеленді. Нұдос Сабыр былтыр әлем чемпионатында екінші орынға ие болған еді. Бұған ...
Read More »Олимпиаданың күміс медалін алатыныма сенбедім – Анна Нұрмұхамбетова
2012 жылы ауыр атлетикадан Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өткен жазғы Олимпиялық ойнындарда бесінші орын алған отадасымыз Анна Нұрмұхамбетова араға 12 жыл салып, Олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды. Оған Олимпиаданың күміс медалі Перудың астанасы — Лимада спорттың осы түрінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында салтанатты түрде табыс етілді. Еске сала кетсек, 2012 жылғы Олимпиадада Анна Нұрмұхамбетова 69 келіге дейінгі ...
Read More »Қазақстан ауыр атлетикадан Олимпиадаға жолдама ала алмады
Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшылары бірде бір жүлде ала алмады. Еліміздің атынан соңғы болып 87 келіден аса салмақ дәрежесінде Айсамал Сансызбаева мен Сұлтан Мейрам (109 кг) шықты. Қоссайыс қорытындысында Айсамал Сансызбаева 235 келіні (жұлқа көтеруде 105 кг мен серпе ...
Read More »Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр
Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогы үшін лицензиялық жарыс басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Кеше помостқа ұлттық құрама сапынан Ерназ Алпысов (55 кг) шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол жұлқа көтеруде бір мүмкіндігін, ал серпе көтеруде екі мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Ерназ Алпысов 237 кг нәтижемен (жұлқа – 107 кг, серпе – ...
Read More »