• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Ауыр атлетикадан АЧ: Қазақстан – көшбасшы!

    Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Оған 25 елден келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Чемпионатта еліміздің намысын 29 спортшы қорғады.

    Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Юсеф Аль-Мана турнирдің лайықты деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

    Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымыз! Бұл тек Қазақстанның мойындалуы емес, сонымен қатар Азияның Олимпиада ойындарындағы ауыр атлетика бойынша ең мықты құрлықтардың бірі ретіндегі ықпалын дәлелдейді, — деді.

    Чемпионат қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша көшбасшы атанды.

    * Еліміздің спортшылары 17 жасқа дейінгі жас көрсеткіші бойынша 12 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды.

    * 20 жасқа дейінгі жас көрсеткіші бойынша 9 алтын, 8 күміс, 10 қола медальға ие болды. Сонымен қатар, бірнеше Азия және әлем рекорды жаңартылды.

    Атап айтқанда:

    — Әлихан Әскербай (71 кг, 20 жасқа дейін): 3 алтын, 6 рекорд (3 әлемдік, 3 азиялық). Жұлқи көтеруде – 141 кг, серпе көтеруде – 169 кг, қос сайыс бойынша – 310 кг (жаңа әлем және Азия рекорды) бағындырды.
    — Едіге Емберді (79 кг, 20 жасқа дейін): жұлқи көтеруде – 153 кг (алтын), серпе көтеруде – 194 кг (Азия рекорды), қос сайыс бойынша – 347 кг (Азия рекорды) еңсерді.

    — Нұржан Жұмабай (79 кг, 17 жасқа дейін): 15 жастағы атлет 3 алтын жеңіп алды. Жұлқи көтеруде – 140 кг, серпе көтеруде – 175 кг (Азия рекорды), қос сайыс нәтижесі бойынша 315 кг көтерді.

    — Денис Полубояринов (94 кг, 20 жасқа дейін): қос сайыс – 376 кг (абсолютті чемпион), серпе көтеруде – 213 кг (Азия рекорды) бағындырды.

    — Ксения Прозорова (58 кг, 17 жасқа дейін): Қытай және Өзбекстан спортшыларын артта қалдырып, 3 алтын иеленді және ең жас чемпион атанды.

    — Кира Данилова (69 кг, 17 жасқа дейін): жұлқи көтеруде – 87 кг, серпе көтеруде – 111 кг, қос сайыс – 198 кг көтеріп, 3 алтын медальға ие болды.

    — Ерасыл Сәулебеков (88 кг, 20 жасқа дейін): жұлқи көтеруде – 153 кг, серпе көтеруде – 191 кг, қос сайыс нәтижесі бойынша 344 кг көтеріп, 3 алтын медаль иегері атанды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *