Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен ойнады.
Матчта бірінші таймында екі жақ екі-екі голдан соғып үлгерді. Әуелі «Торпедо» құрамында Бьорн Маарс Джонсен 30-минутта есеп ашса, Шымкенттің жасағынан Михай Кэпэцынэ 32-минутта таразы басын теңестірді. 33-минутта «Ордабасы» сапындағы Лука Имнадзе қақпаны діл көздеді. Содан кейін алаң иелерінен Матей Симик 45-минутта есепті теңестіріп кетті.
Ойынның 69-минутта Сағадат Тұрсынбай «Торпедоның» қақпасына үшінші допты тоғытты. Бірақ, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Бьорн Маарс Джонсеннің тағы да есеп теңестіре алды.
94-минутта Грузия командасынан Матей Шимич төртінші голды салып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
Енді қарсылас командалар 17 шілдеде Шымкент қаласында кезедседі.
Конференция лигасында «Астана» клубы Еурокубокты екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Бұдан бұрын Алматының «Қайрат» командасы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Словенияның «Олимпия» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады.
Еуропа лигасында «Ақтөбе» сырт алаңда Польшаның «Легия» командасымен ойнайды.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА