• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Конференция лигасы

    Конференция лигасы: «Ақтөбе» жарыспен қош айтысты

    «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасынан жеңіліп қалды. Осыдан бірнеге күн бұрын команда арасындағы ойында Ақтөбенің клубы қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл есеп «Ақтөбеге» келесі кезеңге шығуға көп шанс берді. Алайда, олар Прагада осы мүмкіндікті пайдалана алмады. Осы матчта «Спарта» қонақтардан айласын асырып, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері екі голды бірінші таймда, тағы ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» үшінші іріктеу кезеңіне шықты

    «Астана» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Молдованың «Зимбру» командасын жеңіп, келесі айналымға шықты. Бірінші матчта командалар Астанада 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Сол себепті Кишинеудегі ойын аса қызықты және тартысты болды.  «Астана» бірінші минуттан бастап шабуылға жиі шығып, алаң иелерінің қақпасына қауіпті жағдай жасап отырды. Соның нәтижесінде Джеффри Чинеду 18-минутта қарсыластар қақпасының кілті тауып, бірінші ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Спартадан» айласын асырды

    «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, алаң иелері Қобыланды батыр стадионында 11 жылдан бері алғаш рет жеңісті тойлады. Бұған дейін «Ақтөбе» Еурокубок аясында соңғы рет 2014 жылдың 23 шілдесінде жеңіске («Динамо» (Грузия) жеткен болатын. Ал бүгінгі ойынның 29-минутында «Ақтөбе» сапынан Дэниел Соса мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда да ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» мен «Зимбру» тең түсті

    UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Молдованың «Зимбру» командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың бірінші таймында қонақтар бірінші болып есеп ашты. 45-минутта Гай Дахан гол салды. Екінші таймның 56-минутында «Астана» сапынан Иван Башич алаң иелерін жеңілістен құтқарды. Енді келесі ойын 31 шілдеде болады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Конференция лигасы: «Ордабасы» Грузияның «Торпедосынан» жеңілді

    Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен ойнады. Матчта бірінші таймында екі жақ екі-екі голдан соғып үлгерді. Әуелі «Торпедо» құрамында Бьорн Маарс Джонсен 30-минутта есеп ашса,  Шымкенттің жасағынан Михай Кэпэцынэ 32-минутта таразы басын теңестірді. 33-минутта «Ордабасы» сапындағы Лука Имнадзе қақпаны діл көздеді. Содан кейін алаң иелерінен Матей Симик 45-минутта есепті теңестіріп ...

    Read More »

    «Астана» Конференция лигасынан неше млн еуро тапты?

    «Астана» Конференция лигасынан аз дегенде 3 миллион 836 мың еуро алады. Оның ішінде 666 мың еуро жеңіс пен екі тең ойын үшін бонус беріледі. Клубтардың  маркетингтен (негізінен ТВ-трансляция)  де алатын пайызы бар. Бұл сандар жарияланбайды. Жалпы, Конференция лигасының жалпы кезеңінде әрбір қатысушы қатысқаны үшін 3 миллион 170 мың еуро алды. Матчтағы жеңіске 400 мың, тең ойынға 133 мың беріледі. Еске ...

    Read More »

    «Астана» мен «Челси» ойынынан кейін жанжал шықты

    Алматы Орталық стадионының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов Конференция лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командаларының арасында өткен ойыннан кейін қызметінен шеттетілді. Алматының спорттық нысандары дирекциясы жанкүйерлерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі, ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» клубына плей-оффқа шығуға әлі де мүмкіндік бар

    Еуропаның бірнеше қаласында УЕФА Конференция лигасы топтық турнирінің мачтары болды. «Астана» клубы өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта қарсыластар екінші таймда екі гол салып, жеңіске жетті. Бірінші таймда «Астанаға» есеп ашуға тамаша мүмкіндік болды. 9-минутта төреші қонақтардың қорғаушысы «Астананың» жартылай қорғаушысы Эльхан Астановты айыпдоп алаңында құлатқаннан кейін, пенальти белгіледі. Алайда Дембо Дарбо қақпаны ...

    Read More »

    УЕФА Конференция лигасы: «Астана» мен «Динамо Загреб» кездеседі

    Ертең футболдан УЕФА Конференциясы лигасының кезекті матчтары болады.  Онда сегіз топқа бөлінген Еуропа елдерінің 32 клубы 5-турдағы ойындарын өткізеді. «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» клубымен кездеседі. Бұл командалар С тобында ойнайды. Олардан басқа топта Чехияның алаңында «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары бар. Қазір турнир кестесінде чехиялық команда 4 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, көш бастап келеді. Олар бірде-бір ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» топтық турнирде жеңіске жетті

    «Астана» футбол клубы Конференция лигасы топтық турнирінің үшінші турында Косовоның «Балкани» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. С тобында «Астанадан» басқа Хорватияның «Динамо» (Загреб), Чехияның «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары сынға түсіп жатыр. Елорданың клубы бірінші ойында Загребтің «Динамо» командасынан 1:5 есебімен, одан кейін «Виктория Пльзеньнен» 1:2 есебімен жеңілген болатын. Ал бүгін  Косовоның Сува-Река қаласында алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіп, ...

    Read More »