• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Конференция лигасы: «Астана» топтық турнирде жеңіске жетті

    «Астана» футбол клубы Конференция лигасы топтық турнирінің үшінші турында Косовоның «Балкани» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

    С тобында «Астанадан» басқа Хорватияның «Динамо» (Загреб), Чехияның «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары сынға түсіп жатыр. Елорданың клубы бірінші ойында Загребтің «Динамо» командасынан 1:5 есебімен, одан кейін «Виктория Пльзеньнен» 1:2 есебімен жеңілген болатын. Ал бүгін  Косовоның Сува-Река қаласында алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіп, үш ұпайға ие болды.

    Бұл матчта қонақтар бірінші болып есеп ашты. Ойынның 7-минутында Камо Оганесян гол салды. Одан кейін 9-минутта «Балканидің» шабуылшысы Эдвин Куч таразы басын теңестірді. Ал 23-минутта Тимур Досмағанбетовтің бұрыштамадан әуелете берген добын Абзал Бейсебеков баспен соғып, таблодағы есепті түзетті.

    Енді «Астана» келесі ойынын 9 қарашада «Астана Арена» стадионында «Балканиге» қарсы өткізеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: «Астана» футбол клубы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *