• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Ақтөбе» ФК

    Конференция лигасы: «Ақтөбе» жарыспен қош айтысты

    «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасынан жеңіліп қалды.

    Осыдан бірнеге күн бұрын команда арасындағы ойында Ақтөбенің клубы қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл есеп «Ақтөбеге» келесі кезеңге шығуға көп шанс берді. Алайда, олар Прагада осы мүмкіндікті пайдалана алмады.

    Осы матчта «Спарта» қонақтардан айласын асырып, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері екі голды бірінші таймда, тағы екі голды екінші таймда салды. 57-минутта Велько Бирманчевич алғашқы голдың авторы атанды. Содан кейін 60-минутта Матей Ринеш нысананы дәл көздеді. Ал екінші таймда Ян Кухта 64-минутта, Альбион Рахмани 94-минутта допты торға тоғытты.

    Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

    Еске сала кетсек, «Ақтөбе» Еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, Польшаның «Легия» командасынан 0:1, 0:1 есебімен жеңілген болатын. Сонымен бірге  Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубына (3:4, 1:1) жол берді. Ал, «Астана» клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) жеңіп, жарысты жалғастырып жатыр.

    Алматының «Қайрат» футбол клубы болса UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын (3:0, 0:2) жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне шықты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *