• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақтан ауыр атлетика федерациясы

    Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан тағы алтын медаль алды

    Ауыр атлетикадан Перудің астанасы — Лимада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты.

    Қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы атанды. Ол серпе және жұлқа көтеруде 222 келіні басына көтеріп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

    Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 кг), қола жүлдені үндістандық Санжана (210 келі) иеленді.

    Сондай-ақ, қыздар арасында 81 келіде помостқа шыққан Сәния Орманбаева жалпы есебі 201 келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Ақжол Құрманбек күміс, Нұрдос Сабыр алтын медальді жеңіп алған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *