• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Olympic.kz

    Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

    Осы күндері ауыр атлетикадан Перудың астанасы Лима қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр бірінші орынды жеңіп алды.

    Ол , 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні басынан асырып, үздік атанды.

    Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қола жүлдені Бекзод Гофиржанов иеленді.

    Нұдос Сабыр былтыр әлем чемпионатында екінші орынға ие болған еді.

    Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *