• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әлем чемпионы

    Конькимен жүгіру: Қазақстан қоржыны 6 алтын, 1 күміс жүлдемен толықты

    Германияның Инцелль қаласында  конькимен жүгіруден өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс медаль жеңіп алып, жалпы жеті жүлдемен жарысты қорытындылады, деп хабарлады  Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде алтыншы алтын медальді қоржынға Вадим Чебардаков салды. Ол масс-старт бәсекесінде қарсыластарына дес бермей, 5:29.87 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыз жарыста 34 ...

    Read More »

    Екінші алтын жүлде! Кристина Шумекова ерлеп тұр

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 500 метр қашықтықтағы жеңісінен кейін отандасымыз 1500 метрде де үздік атанды. Шумекова бұл қашықтықты 1:56.06 уақыт көрсеткішімен аяқтап, жеке рекордын жаңартты. Күміс жүлде 1:56.36 нәтижесімен австриялық Джанин Роснерге бұйырса, жапониялық Аяно Секигучи (1:57.97) қола медаль ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Мәреде – Мағжан!

    Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі мақаланың кейіпкері халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен  ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы -Мағжан Аманкелдіұлы. Мағжан жас болса да бас бола білетінін көптеген жарыстарда көрсетіп, дәлелдеп келеді. Ол биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Спортшы қалалық кубок үшін жарыстан ...

    Read More »

    Әмір Закиров — брейкингтен әлем чемпионы!

    Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS тұжырымы бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында ешкімге дес бермеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді. Осы арқылы Әмір Закиров қазақ брейкингінің әлемдік аренада жоғарғы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Закиров ...

    Read More »

    Таэквондошы Батырхан Төлеуғали — әлем чемпионы!

    Таэквондошы Батырхан Төлеуғали (87 кг) Кенияның Найроби қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол финалда Иран елінің өкілі  Мохаммед Ализадені жеңді. Оған дейін отандасымыз австралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді жеңген еді. Чемпионатта таэквондодан Қазақстан құрамасы екі алтын, бір қола жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 ...

    Read More »

    Таэквондошы Бейбарыс Қаблан жастар арасында әлем чемпионы атанды

    Бейбарыс Қаблан таэквондодан Кенияның астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол  87 келіден аса салмақта ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанды. Бейбарыс Қаблан финалда Оңтүстік Кореяның өкілі Ян Чжунёнды жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Шардарада тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды

    Қазақ спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш! 14 жастағы Бекнұр Ибрагим жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанса, 15 жастағы Азамат Ибрагим ...

    Read More »

    Тұңғыш рет қазақ боксшысы аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанды

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ былғары қолғап шеберлерінің арасында алтын медальді жеңіп алды. Былғары қолғап шебері 90 келіден аса салмақта Өзбекстанның өкілі Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші раундта қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева тарихи жүлдені жеңіп алды

    Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Болгарияның астанасы — София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұңырының ең биік сатысына көтерілді. Ол үш бірдей финалға бірінші орынмен шығып, оның екеуінде жүлдеге ие болды. Гимнаст доппен көрсеткен өнері үшін 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса, шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпаймен күміс жүлдені жеңіп алды. Енді ол таспамен сайысқа түседі. Сондай-ақ ел құрамасы ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды

    Ауыр атлетикадан Қазақстан қүрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Olympic.kz. Ол 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса Әділетұлы 388 (174+214) келі көтерді. Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен жеңіп алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп, үздік үштіктен көрінді. Бұған дейін ...

    Read More »