• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Шардарада тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды

    Қазақ спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

    Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш!

    14 жастағы Бекнұр Ибрагим жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанса, 15 жастағы Азамат Ибрагим 50 кг салмақта құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Сонымен бірге 18 жастағы Әділет Ибрагим 65 кг салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды, — делінген хабарламада.

    Осылайша, Шардара ауданы тарихында тұңғыш рет бір әулеттің үш баласы халықаралық деңгейдегі бір жарыста қатарынан чемпион атанып отыр. Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және «Шардара Армспорт» мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі.

    Шардара ауданының әкімдігі жергілікті тұрғындардың атынан әлем чемпиондарын және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтай отырып, болашақта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *