• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Екінші алтын жүлде! Кристина Шумекова ерлеп тұр

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    500 метр қашықтықтағы жеңісінен кейін отандасымыз 1500 метрде де үздік атанды. Шумекова бұл қашықтықты 1:56.06 уақыт көрсеткішімен аяқтап, жеке рекордын жаңартты.

    Күміс жүлде 1:56.36 нәтижесімен австриялық Джанин Роснерге бұйырса, жапониялық Аяно Секигучи (1:57.97) қола медаль иеленді.

    Бұған дейін Кристина Шумекова дәл осы чемпионатта 500 метр қашықтықта да жеке рекордын тіркеп, алтын медаль жеңіп алған.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *