• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Конькимен жүгіру

    Әлем кубогы: Кристина Шумекова тағы да алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді. Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді. ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Кристина Шумекова екі алтын медаль жеңіп алды

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды. 1000 метр Кристина Шумекова Аяно Секигучи (Жапония) Ханна Мазур (Польша) 3000 метр Кристина Шумекова Лике Хейзинк (Нидерланд) Цзяминь Цзян (Қытай) Нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста ...

    Read More »

    Жапония Қазақстаннан ескі әнұран үшін кешірім сұрады

    Жапонияның конькишілер федерациясы марапаттау рәсімінде еліміздің ескі әнұранын пайдаланғаны үшін Қазақстан құрамасынан кешірім сұрады. 17 қарашада Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткен Виталий Щиголевті алтын жүлдемен марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар (Хатинохе, Жапония) Қазақстанның ескі әнұранын қосқан болатын. Осы оқиғадан кейін Қазақстан конькишілер одағы ISU мен жарысты ұйымдастыру комитетіне хат жолдап, түсініктеме беруді сұрады.   SportPress-ақпарат    

    Read More »

    Қазақстан спортшысы төрт құрлық жарысында топ жарды

    Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатының шешуші жарыс күні ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама спортшысы мәреге санаулы сəттер қалғанда канадалық Давид ла Рун мен Хайден Майерден озып кетті. Бұл — Қазақстан ...

    Read More »

    Конькимен жүгіруден ӘЧ: Алина Дауранова рекордтты жаңартты

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшысы Алина Дауранова өзінің жеке рекордын жаңартты. Алина Дауранова — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 2-курс студенті. Ол 1 000 метрге жүгіру жарысында осы қашықтықты 1 минут 15,24 секундта жүгіріп, мәреге жетті. Жалпы, осы дистанцияда Дауранова 13-орынды иеленіп, қалған өз командалық әріптестері арасында ең үздік нәтижеге жетті. Былтыр ...

    Read More »

    Конькишілер Әлем кубогында тарихи нәтиже көрсетті

    Осы демалыс күндері конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Канада мен Жапонияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінде тарихи нәтиже көрсетті. Еліміздің қоржынына екі алтын, үш күміс, алты қола медаль түсіп, спортшыларымыз әлемдік рейтингте көш бастады. 2-4 ақпанда Канаданың Квебек қаласында ересектер арасында өткен Әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте бақ сынап, еліміздің тарихында тұңғыш рет қола жүлдеге ие болды. Команда құрамында тәжірибелі ...

    Read More »

    Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды

    Бүгін Астанадағы Alau мұз сарайында жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан  Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Чемпионат 2023-2024 жылдар аралығындағы жарыс маусымына спортшыларды іріктеу туринирі саналады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ересектер, халықаралық жарыстарға, Әлем кубогының кезеңдеріне, сондай-ақ Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады. Чемпионаттың ашылу салтанатына туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, турнирге  келген ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Варвара Глухова алтын жүлде алды

    Бүгін қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерово облысында өтіп жатқан ІІ  «Азия балалары» ойындарында конькимен жүгіруден соңғы жүле жиынтығы сарапқа салынды. Алдыңғы екі күнде медальге сынық сүйем қалғанда сүрініп келген қазақстандықтар бұл жолы 1 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Конькиші Варвара Глухова жеңімпаз атанса, командалық спринтте Денис Мезенцев, Михаил Бровко мен Михаил Матрюхин үштігі Сібір федералды округынан кейінгі екінші нәтиже ...

    Read More »

    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық спринтте отандастарымыз Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия үздік үштікті түйіндеді. Жалпы, әйелдер жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ. Өткен жылы Инсбруктегі əлем чемпионатында ...

    Read More »

    Виталий Щиголев Әлем кубогында қола медаль алды

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңде екі жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын үшінші болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 7:55.850 секунд. Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл — оның 2019 жылдан бергі Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер ...

    Read More »