• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Конькиші Кристина Шумекова — әлем чемпионы!

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Бұл көрсеткіш спортшының жаңа жеке рекордына айналды.

    Күміс жүлдені канадалық Джулия Снелгров (38,78) иеленсе, қола медаль польшалық Виктория Дабровскаға (38,96) бұйырды.

    Осы қашықтықта Қазақстан намысын қорғаған өзге спортшылар да бақ сынады. Анастасия Беловодова 12-орын алса, Варвара Глухова 13-сатыға жайғасты. Алина Шумекова 30-нәтиже көрсетсе, Айзада Рымбек 54-орынмен жарысты аяқтады.

    Бұған дейін дәл осы 500 метрлік спринтте 2010 жылғы жасөспірімдер әлем чемпионатында Екатерина Айдова Қазақстанға алтын медаль сыйлаған.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *