• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Сали САБИРОВ

    Кристина Шумекова тағы да жүлде алып, тарихта қалды

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова 3000 метр қашықтықта 4:03.99 нәтижесімен күміс медаль иеленіп, төртінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Бұл сында австриялық Джанин Росне (4:02.399) топ жарса, қола Қытай өкілі Тай Чжиэньге (4:04.085) бұйырды.

    Сондай-ақ ол көпсайыстың кіші бағдарламасы бойынша (жекелеген қашықтықтардың жиынтық нәтижесі негізінде) бірінші орынға көтеріліп, тарихи жетістікке жетті. Осы көрсеткіші арқылы Кристина Шумекова Қазақстан тарихында аталған белесті бағындырған алғашқы спортшы атанды. Жалпы есепте 156.001 ұпай жинады.

    Бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Әлем чемпионаты 1 наурызға дейін жалғасады.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *