Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатының шешуші жарыс күні ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды.
Ұлттық құрама спортшысы мәреге санаулы сəттер қалғанда канадалық Давид ла Рун мен Хайден Майерден озып кетті. Бұл — Қазақстан құрамасының Жапониядағы жарыстағы үшінші жүлдесі.
Еске сала кетейік, Виталий Щиголев 2022 жылы Канаданың Квебек қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында 5 000 метрге жарыста жеңіске жеткен еді.
Жалпы, төрт құрлық чемпионаты деген Еуропадан басқа құрлықтағы мемлекеттің спортшылары сынға түсетін жыл сайынғы жарыс.