• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Қазақстан боксшылары турнирді жеңіспен бастады (ВИДЕО)

    Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасы берілетін соңғы турнир басталды.

    50 кг дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай, 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен 60 келі салмақтағы Римма Волосенко ерлер және әйелдер құрамаларынан алғашқы болып жекпе-жекке шығып, қарсыластарын жеңді.

    Назым Қызайбай Словакия өкілі Николь Дуриковадан айласын асырды.

    Бұл – Қызайбайдың Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан екінші жарысы. Бұған дейін ол 2023 жылы Қытайдыуң Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында бір ғана қадам қалған кезде сүрінген еді.

    Осыдан кейін шаршы алаға көтерілген Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Кристиан Лаурентені (Филиппин) 5:0 есебімен тізе бүктірді.

    Жекпе-жекте Филиппин өкілінен ережені қайта-қайта бұзғаны үшін екі рет ұпайы алынып тасталды. Бұл — отандасымыздың Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан екінші жарысы. Бұған дейін ол бірнеше ай бұрын Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы әлемдік іріктеу кезеңінің екінші кезеңіне дейін жеткен болатын.

    Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Римма Волосенко Германия спортшысы Мария Гангбауердан айласын асырды. Оның қарсыласы үшінші раундта ереже бұзып, бір ұпайы жоғалтып алды.

    Волосенко осымен Париж Олимпиадасының жолдамасына үшінші рет бақ сынап жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *