• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан – индорхоккейден Азия кубогының қола жүлдегері!

    Талдықорған қаласында индорхоккейден Азия кубогы үшін турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Турнирде Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды. Ольга Урманова жаттықтыратын командамыз Таиланд ойыншыларын 7:2 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

    Мачта Аман Елубаев покер жасаса (4 гол), Еркебұлан Дүйсенбеков, Ермек Ташкеев пен Тілек Өзбек бір-бір голдың авторы атанды. Ал қақпашы Ленур Вишняков ойынның үздік ойыншысы атағын алды.

    Финалда Иран мен Индонезия құрамасы финалға шығып, 2025 жылы Хорватияда өтетін әлем чемпионатына сары құрлықтан жолдама алды.

    Бұл ойында Иран құрамасы қарсыластан 7:1 есебімен басым түсті.

    Бір аптаға созылған Азия кубогында 8 елдің хоккейшілері жиналып, сынға түсті.

    Сөйтіп, ерлер құрамасы алтыншы рет Азия кубогында жүлде алды. Қазақстан бұған дейін үш рет күміспен (2015, 2017 жылы Катарда, 2019 жылы Чонбуриде) күтпелсе, тағы үш рет қола (2014, 2022, 2024) жүлдені жеңіп алған болатын.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *