Туризм және спорт министрі Ауыр атлетика федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы өнерін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарымен таныстырды, деп хабарлады ведомство. Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген ...
Read More »Tag Archives: ауыр атлетика
Илья Ильиннің зайыбы «гендер-пати» ұйымдастырды
Ауыр атлет Илья Ильиннің зайыбы бизнесвумен Татьяна Ильинаның (Гордиенко) аяғы ауыр екені белгілі болды. Арнайы аппарат іштегі баланың жынысы — қыз екенін анықтап, белгілеген. Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышын бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ғашық еркек пен әйел болмаймыз! Құдай бірлігімізге береке әкелді! Біз ата-ана боламыз! Екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық, бірақ УЗИ бәрін көрсетті! ...
Read More »Ауыр атлеттер Азия чемпионатында төрт алтын жүлде жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық додаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды Нұрғиса Әділетұлы сыйлады. Ол 102 келіге дейінгі салмақта 400 (181+219) келіні басынан асырды. Жұлқи көтеруде күміс, серпе көтеруде және жалпы жаттығуларда алтын жеңіп алды. 109 ...
Read More »Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды. Артем Антропов алғашқы ...
Read More »Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Нұрғиса Әділетұлы серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс медаль алды. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді басынан асырды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте ол 400 келімен топ жарды. ...
Read More »Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды
3 мамырда Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады. Ол 13 мамырға дейін жалғасадыү Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Азия чемпионаты 2024 жылы өтетін Олимпиада қарсаңындағы іріктеу турнирі болады. Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан мына спортшылар қатысады. Ерлер: Арли Чонтей ( 55 кг), Өтепберген (Әлиев 61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), ...
Read More »Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында тағы бір жүлдені алды
Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Таисия Алексеева күміс жүлдені жеңіп алды. Қыздар арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алексеева жұлқа көтеруде 89 кг, ал серпе көтеруде 112 келіні басынан асырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша ол 201 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үш жүлде алған болатын. 73 ...
Read More »Өмірі өнегелі жан
Ауыр атлетикадан қазақ жастары арасынан тұңғыш рет КСРО спорт шебері, Орта Азияның және Қазақстанның темір-жолшылар арасында КСРО чемпионы атанған арысымыз, ардагер спортшы, еліміздегі ауыр атлетика спортының кіндік атасы, батагөй ақсақалы Ізбасар Оразбақтың салауатты өмір салты туралы бір үзік сыр. Ауыр атлетиканың елдегі тарихы туралы сөз еткенде міндетті түрде Ізбасар Оразбақұлы ағамызды еске аларымыз анық. Ол 1941жылы 1 мамырда Алматы облысы, ...
Read More »Тағы бірнеше ауыр атлет допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді
Елімізде ауыр атлет Игорь Соннан басқа тағы бірнеше спортшы допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов айтты. Былтыр 23 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығының тәртіптік комиссиясының келесі спортшыларды шеттету туралы шешімі шықты, — деді ол. Оның айтуынша, былтыр 9 ақпаннан 2 наурызына дейін ҚазДҚҰО жарыстан тыс допинг-бақылау жасағанда ұлттық құрама команданың спортшыларына ...
Read More »Допингпен ұсталған Игорь Сонға берілген ақша мен пәтер қайтарылмайды – министрлік
WADA халықаралық ережелеріне сәйкес, жақсы нәтиже көрсеткен кәсіпқой спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлер жүйелі түрде допинг сынағынан өтеді. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 2 наурызда Жетісу облысындағы турнирде Игорь Соннан допинг-сынама алынып, ол оң нәтиже берген. WADA стандарттарына сәйкес сынамалар бірнеше рет тексерілді. Соның нәтижесінде WADA ережелері бойынша спортшыны 8 жылға барлық жарыстан шеттету туралы шешім қабылданды. Ол ...
Read More »