• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Илья Ильиннің зайыбы «гендер-пати» ұйымдастырды

     Ауыр атлет Илья Ильиннің зайыбы бизнесвумен Татьяна Ильинаның (Гордиенко) аяғы ауыр екені белгілі болды.

    Арнайы аппарат іштегі баланың жынысы — қыз екенін анықтап, белгілеген.

    Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышын бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ғашық еркек пен әйел болмаймыз! Құдай бірлігімізге береке әкелді! Біз ата-ана боламыз! Екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық, бірақ УЗИ бәрін көрсетті! Баламызды қай спортқа береміз деп дауластық, ат ойлап таптық. Бірақ Құдайдың өз жоспарлары бар! ДНК тесті қыз болады деп көрсетті! Біз қатты таңғалдық, бірақ қуандық! Біз сені күтеміз біздің тәтті балапанымыз! — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

    2017 жылы Илья Ильин бірінші зайбы, гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасқан болатын. Олардың Милана есімді қыз бала бар. 2023 жылы қаңтар айында спортшы қайта шаңырақ көтерді.  Бизнесвумен Татьяна Ильина (Гордиенко) спортшыдан  9 жас үлкен. Оның иелігінде бренд киім-кешектер дүкені, фитнес орталық, косметологиялық емхана бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *