• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Тұрлыжан Айтенов

    Ауыр атлетикадан АЧ: Сайрамкез Ақмолда – күміс жүлдегер! (ФОТО)

    Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта помостқа шыққан Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды.

    Ол жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен екінші орынды иеленді.

    Осы салмақта Солтүстік Кореяның спортшысы Ри Вон Джи 317 келі (137+180) көтеріп, Азия чемпионы атанды.

    Сайрамкез Ақмолда жұлқа және серпе көтеруді қосқанда 292 келіне (126+166) басынан асырды.

    Таиландтың өкілі Терават Ратфет 286 келіні (128+158) көтеріп, қола жүлдеге ие болды.

    Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

    Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

    Бүған дейін хабарланғандай, әйелдер арасында Айнұр Абдықалықова посмостқа шықты. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен төртінші орынды қанағат тұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *