• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ақмола облысының әкімдігі

    Олимпиаданың күміс медалін алатыныма сенбедім – Анна Нұрмұхамбетова

    2012 жылы ауыр атлетикадан Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өткен жазғы Олимпиялық ойнындарда бесінші орын алған отадасымыз Анна Нұрмұхамбетова араға 12 жыл салып, Олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды.

    Оған Олимпиаданың күміс медалі Перудың астанасы — Лимада спорттың осы түрінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында салтанатты түрде табыс етілді.

    Еске сала кетсек, 2012 жылғы Олимпиадада Анна Нұрмұхамбетова 69 келіге дейінгі салмақта жалпы есепте бесінші орын алған болатын. Сол кезде Халықаралық Олимпиада комитеті чемпион атанып, жүлде алған спортшылардың тыйым салынған заттарды қолданғанына күмән келтіріп, медалистерді тексергенде Марина Шкерманкова (Беларусь) мен Дина Сазановецтің (Беларусь) допингті пайдаланғаны анықталды. Сөйтіп, олар спорттан шеттетіліп, арада біраз уақыт өткенде жүлделер қайта үлестірілді. Беларусь спортшыларының нәтижесі қайта қаралып, жойылған соң, Нурмухамбетова қола медаль алды.

    Содан кейін 2020 жылы күміс медаль алған румын атлеті Роксана Кокоштың сынамасы қайта тексеріліп, одан да допинг анықталды. Кейін оның да нәтижесі жойылып, күміс жүлдесін қайтарып берді.

    Қайта медаль үлестіру кезінде Анна Нұрмұхамбетова екінші орынға көтеріліп, оның қола медалі колумбиялық Убальдина Вальеске берілді.

    Енді қазіргі есеп бойынша Қазақстан Лондон Олимпиадасынан 3 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлде алып отыр.

    Анна Нұрмұхамбетова – 1993 жылы Қостанай облысында. Ол балалар үйінде тәрбиеленген. Бала үйінен кейін Көкшетау қаласына көшіп барған. Сол жердегі қалалық спорт мектебінде жаттыққан.

    Мұндай шешімді допинг-сынамаларды қайта тексеріп, медальдерді қайта тағайындағаннан кейін Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы мен CAS спорттық арбитраж соты қабылдады.

    Мен шынымды айтайын, осы қуанышты естігенде өте толқдым.  Бұған сену қиын болды. Дегенмен, 12 жыл өтті. Соған қарамастан, мен бұл оқиғаға, осы медальға шексіз қуаныштымын, — деді Анна Нұрмұхамбетова.

    Ол өзінің спорттық мансабын аяқтап, қазір «Бурабай» БЖСМ-де спорт әдіскері болып жұмыс істейді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *