• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр

    Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогы үшін лицензиялық жарыс басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр.

    Кеше помостқа ұлттық құрама сапынан Ерназ Алпысов (55 кг) шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Ол жұлқа көтеруде бір мүмкіндігін, ал серпе көтеруде екі мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Ерназ Алпысов 237 кг нәтижемен (жұлқа – 107 кг, серпе – 130 кг) А тобында алтыншы сатыдан көрінді.

    Бұл сында Солтүстік Корея спортшысы Ун Чол Панг (118+152) Әлем кубогының иегері атанды. Күміс медальді Таиландтың өкілі Наттават Чомчуен (119+150), қола жүлдені вьетнамдық Тхана Лаи (120+148) иеленді.

    Былтырғы әлем чемпионатында Ерназ Алпысов жалпы есепте 233 келіні көтерген. Осы жарыста сол көрсеткішті жақсарта алды. Оның бұдан да жоғары орыннан көрінуге шамасы бар еді. Алайда салмақ қуу өз әсерін тигізді. Келесі олимпиялық айналымда ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 61 кг дейінгі салмақта өнер көрсетед, — деді ерлер ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Дәурен Бекмұханбетов.

    Сонымен қатар әйелдер арасында 49 кг дейінгі салмақтағы барлық жарыс аяқталды. Ұлттық құрама спортшысы Айнұр Әбдіхалықова бір күн бұрын сынға түсті.

    Әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Иван Снегуровтың айтуынша, спортшыға Олимпиаданың жолдамасын алуға әлі мүмкіндік бар.

    Айнұр жақсы өнер көрсетті. Барлық алты мүмкіндігін сәтті пайдаланып, әзірге карьерасындағы үздік нәтижені көрсетті (қос сайыста 160 кг). Жалпы есепте 12-13-сатыда келе жатыр. Яғни, Олимпиада лицензиясына ие болатын мүмкіндігі бар. Бәрі ұпайлар есептеліп, соңғы рейтинг шыққанда белгілі болады, — деді Иван Снегуров.

    Бүгін, 2 сәуірде Әлем кубогында Дарья Балабаюк (59 кг) жүлдеге таласады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *