• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

    Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді.

    Чемпионаттың бірінші күні еліміздің атынан Айнұр Абдықалықова посмостқа шықты. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен төртінші орынға табан тіреді.

    Солтүстік Кореяның спортшысы Вон Сим Хюн 192 (86+106) келіні көтеріп, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлдені 163 (72+91) келі зілтемірді басынан асырған Сиривимон Прамонгхол (Таиланд) иеленді. Қола медальді Хонг Зи-Ю (Тайпей) жеңіп алды. Ол 162 келі (72+90) штанганы көтерді.

    Алдағы күндері жарыс жолына тағы алты отандасымыз шығады. Әйелдер арасында Арай Нұрлыбекова (87 кг) бақ сынаса, ерлердің бәсекесінде Сайрамкез Ақмолда (67 кг), Әлібек Рақымберді (81 кг), Александр Уваров (81 кг), Сергей Петрович (89 кг) пен Кирилл Староверкин (96 кг) ел насымын қорғайды.

    Азия чемпионаты 10 ақпанға дейін болады. Мұнда Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар үлестіріледі.

    Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *