• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Ауыр атлет Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды

    Ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіп алды.

    Ол жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келіні көтерді.

    Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі. Атлет 356 (161+195) келіні көтерсе, қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды. Ол 355 (159+196) келіні басынан асырды.

    Жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *