Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында шахматтың рапид түрінен әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Бибісара Асаубаева сегізінші орын алды, деп хабарлады Zakon.kz.
Ол бірде-бір партияда жеңілмей, қорытынды есепте 7,5 ұпай жинады. Асаубаева жарыстың соңғы күнінде армениялық Анна Саркисянды жеңіп, Цзюй Вэньцзюньмен (Қытай) және Турмунхийн Мунхзулмен (Моңғолия) тең түсті.
Осылайша, Бибісара Асаубаева америкалық рапид турнирін сегізінші орында аяқтады. Ал әлем чемпионы үндістандық Хампи Конеру (8,5 ұпай) атанды. Цзюй Вэньцзюнь күміс, ресейлік Катерина Лагно қола жүлдені иеленді.
Әйелдер құрамасының қалған өкілдері 2024 жылғы рапидтен әлем чемпионатында мынадай нәтиже көрсетті:
1.Меруерт Камалиденова (16);
2.Әмина Қайырбекова (34);
3.Алуа Нұрман (72);
4.Әсел Серікбай (80);
5.Ксения Балабаева (83);
6.Лия Құрманғалиева (84);
7.Эльназ Қалиахмет (86);
8.Зарина Нұрғалиева (87);
9.Аяулым Қалдарова (98);
10.Зейнеп Сұлтанбек (101).
Ерлер арасында жеңіс тұғырына ресейлік гроссмейстерлер шықты. Алтын жүлдені 18 жастағы Володар Мурзин жеңіп алса, одан кейінгі орындарды Александр Грищук пен Ян Непомнящий иеленді.
Отандастарымыз болса жақсы нәтиже көрсете алмады:
Ринат Жұмабаев (62-орын);
Алдияр Аңсат (69);
Арыстан Исанжолов (87);
Қазыбек Нөгербек (109);
Арыстанбек Оразаев (118);
Әлішер Сүлейменов (129);
Марк Смирнов (133);
Эдгар Мамедов (143);
Рамазан Жалмаханов (171).