Аустралияның Перт қаласында Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалында былтырғы чемпион Германиямен ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен күш сынасты.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған кезде Рыбакина брейк жасап, есепті 4:2 етті. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ. Есеп — 6:3.
Екінші сетте Рыбакина 2:1 есебімен тағы да алға шықты. Тағы бір брейк. Есеп – 4:1. Сосын матчты 6:1 жасап, тағы бір брейкпен аяқтады.
Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстанды 1:0 есебімен алға шығарды.
Бұдан кейін рейтингіде 78-сатыдағы Александр Шевченко әлемнің 254 ракеткасы Даниэль Мазурмен кортқа шығады.