Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Ар-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші рет кортқа шығып, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнады, деп хабарлады Olympic.kz. Рыбакина Соболенконы үш сетке созылған ойында 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында болды. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, ...
Read More »Tag Archives: Елена Рыбакина
Рыбакина тағы да жылдың қорытынды турнирінде жеңілді
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Ар-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлады ҚТФ. Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнады. Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен екі рет ойнағанда соның екеуінде де Рыбакина жеңген болатын. Бұл жолы бірінші партияда қытайлық теннисші 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, ...
Read More »Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды
Теннистен әйелдер арасындағы Қазақстан командасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогының Оңтүстік Кореяға қарсы бірінші матчына қатысатын команда құрамын жария етті. Ойын Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында 16-17 қараша күндері болады. Қазіргі таңда біздің спортшылар Кореяға қарсы ойнауға дайындалып жатыр. Ұлттық құрамадағы спортшылар қатарында Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева бар. Біздің құраманың көшбасшысы осы ...
Read More »Рыбакина Berlin Ladies Open WTA 500 турнирін ерте аяқтады
Теннистен Германияның астанасы – Берлин қаласында өтіп жатқан Berlin Ladies Open WTA 500 турнирінде әлемнің 4-ракеткасы, еліміздің үздік теннсишісі Елена Рыбакина жарыс жолынан шығып қалды. Ол турнирді 1/4 финалда аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ширек финалда отандасымыз Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен ойнап, бірінші сетте (1:3) өзін жайсыз сезінуіне байланысты жарыстан шығатынын айтты. Ол ойынды ары қарай жалғастыра алмады. Рыбакина ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен ойнап, одан жеңілуге мәжбүр болды. Филипп Шатрье кортында италиялық теннисші матчты брейкпен бастады. Есеп 2:0 болғанда ол тағы бір брейк жасап, бірінші сетте 6:2 есебімен жеңді. Паолини екінші сетте де брейкпен 2:1 есебімен алға шықты. ...
Read More »Елена Рыбакина: «Олимпиадада бар күшімді жекелей сында жеңуге жұмсаймын»
Әлемнің төртінші, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Париж қаласында өтіп жатқан Францияның ашық чемпионаты кезінде БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұған дейін хабарланғандай, Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, одан Токио Олимпиадасы кезінде кеткен есені қайтарып, «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыққан болатын. Енді ол ¼ финалда Италияның ...
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жақындап келеді
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Осылайша әлемнің төртінші ракеткасы қарсыласына 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесянмен немесе италиялық Ясмине Паолинимен ойнайды. Теннисші Францияның ...
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты
Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен ойнады. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға шыққанымен, бұдан кейін Қазақстан теннисшісі ойындағы басымдықты толық ...
Read More »Рыбакина WTA чемпиондар тізімінде үздіктер қатарында келеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дүниежүзілік теннис қауымдастығының (WTA) чемпиондар тізімінде екінші орында келеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакинада 3 583 ұпайы бар. Бұл тізімде әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында әлемнің ракеткасы ракеткасы, Беларусь елінің теннисшісі Арина Соболенко (3 278 ұпай). Осы аптада Елена Рыбакиана Испанияның Мадрид қаласында өткен ...
Read More »WTA 1000 турнирі: Рыбакина Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда отандасы, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен ойнады. Осыған дейін өзара екі кездесуде Путинцева Рыбакинаны екі рет жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Юлия Путинцева қарсыласын 6:4 есебімен жеңгенімен, екінші және үшінші партияда Рыбакина отандасымызды 7:6 (7:4), 7:5 есебімен басым түсті. ...
Read More »