• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңімпаз атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен ойнады.

    Бұған дейін қарсыластар төрт рет кортқа шығып, соның үшеуінде ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді.

    Бұл жолы да бірінші партияда ресейлік теннисші 6:3 есебімен жеңді. Содан кейін Елена Рыбакина екінші сетте 6:0 есебімен алға шықты.

    Үшінші сетте есеп 3:0 болды. Ал матчтың соңында отандасымыз  қатарынан тоғыз геймде ұпай алып,  матчты 6:2есебімен брейкпен бітірді.

    Матч бір сағат 58 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 11 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Александрова 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

    Осылайша, Е.Рыбакина биыл екінші рет турнирде жеңіскеи жетті. Бұған дейін ол Страсбургте (Франция) өткен WTA 500 жарысында үздік шыққан еді.

    Енді Рыбакина дүйсенбі күні Токиода (Жапония) жалауы көтерілетін WTA 500 додасында екінші ракетка болып ойнайды. Ол екінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен немесе рейтингіде 55-сатыда тұрған грекиялық Мария Саккаридің біреуімен күш сынасады.

    Теннисші Токиода жартылай финалға дейін жетсе, қараша айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін жылдың қорытынды турниріне жолдама алады.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *