Бүгін Вьетнамның Хайфон қаласында академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы жарыста 2 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды. Шешуші жарыс күні спортшыларымыз 3 мәрте тұғыр сатысына көтерілді.
Күміс медаль – 2000 метрге әйелдер арасында жетекшісі бар 8 спортшы (W8+). Команда құрамы – Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Анастасия Кулинич, Мелани Жакупова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Валентина Волкодавова, Мария Лебедева.
Қола жүлде – 2000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы спортшы – Мария Чернец.
Қола медаль – 2000 метрге ерлер арасындағы жұптық сын – Владислав Яковлев, Иван Чернухин.
Кеше алғашқы финал күні Қазақстан қоржынына 2 жүлде түскен.
Күміс жүлде – 2000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы 4 спортшы. Команда құрамы – Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина.
Қола медаль – 2000 метрге ерлер арасында жеңіл салмақтағы спортшы – Артём Матусевич.
Биыл құрлықтағы 18 елден жиналған 232 ескек есу шебері жүлдеге таласты.